Кедендегі ақпараттық жүйенің көмегі көп

816
http://kgd.gov.kz

Елімізде «Астана-1» атты кедендік және салықтық басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Аталмыш жүйенің тиімділігі орасан екендігі дәлелденіп отыр.

Автоматтандырылған жүйе кедендік шаралары оңайлатып, сонымен қатар әкімшілік шығынды қысқартады. Бұл жүйе барлық кедендік шараларды қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген. Еліміздегі барлық мемлекеттік органдармен ақпарат алмаса алады. Жүйе қолданушылар үшін тегін. Кедендік операциялардың барлығы да ғаламтор арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде ОҚО аумағындағы кеден бекеттерінде «Астана-1» ақпараттық жүйесінің көмегімен 2 914 тауарға декларация толтырылған. Оның ішінде 533-і импорт, 2381-і экспорт тауарларына. Облыстық кірістер департаментінің хабарлауынша бір терезе жүйесі бойынша жүзеге асатын бағдарламаның көрсетер көмегі көп болып тұр.

Онда тек қана кедендік бақылау ғана емес, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік, көлік және салықтық бақылаудың бірнеше түрі бар. Оңтайландырылған жүйе кеден қызметкерлерінің де, кіріс департаменті мамандарының да жұмысын оңайлатып отыр.