Мына сөзді естіген біздің мұғалімдер Өзбекстанда тұрмағанына өкініп кеткен шығар!
Сенбілік болса мұғалім сонда, сайлау болса мұғалім сонда. Үй аралап үгіт насихат жүргізетін де солар. Одан қалса алдындағы 30 балаға жауапты.
Дәптер тексеріп, жұмыс жоспарын жасайтын одан қалса қоғамдық жұмыстардың белсендісіне айналған ұстаздар қауымы соңғы әлетте мұндай қосымша жұмыстардан шаршағандарын айтуда. Стадион толмай қалса да алдына бір қора баланы салып алып алға деп шауып кететін мұғалдімдер шынында шаршады. Билік оларды әбден қолбала етіп үйреніп алған. Бұл аяғын қымтасаң бас ашылып қала беретін ақиқат.
Бұған тоқтам бола ма, бізде болмай ма, бірақ әй кім білсін?! Жуырда Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктердің қызметінен кететінін қадап тұрып айтты. Аталған облысқа Президент келеді дегеннен жергілікті билік өкілдері мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалауға алып шыққан. Сол кезде жас мұғалімді жол бойын жинау кезінде КамАЗ көлігі басып кеткен. Ел перзиденті бұған өкінішін білдірген болатын…
Алдағы уақытта мектеп мұғалімдерін көше сыпыртуға қуатын шенеунік атаулы сол сәтте ақ қызметімен қош айтысатынын шегелеп тұрып айтты.
Біздің мұғалімдердің «шықпаған жаны». Әлі күнге дейін бірдеңені қолдау, тағы біреудің кітабын сатып алып, толмай қалған залды толтыру мұғалімдердің мойнында. «Бізде де осындай қатаң талап қашан қойылар екен?». Бұл әр ұстаздың көкейінде кілкіп тұрған сауал. Расында қашан?!.
Г.Жұмаш