Жуырда жастардың әлеуметтік жағдайы анағұрлым жақсаруы мүмкін. Бұл үшін қазір жаңа бағдарламалар түзіліп, тың жобалар қолға алынып жатыр. Мұндай маңызды ақпаратты бүгін ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесі төрағасының орынбасары, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев мәлімдеді. Айтуынша, бүгінгі толқын жастарды саясатқа тарту ғана емес, олардың әл-ауқатын көтеру де маңызды.
Сондай-ақ, еркін форматта өрбіген жиында Білім және ғылым вице-министрі саладағы жаңалықтарды жайып салды. Асхат Аймағамбетовтың сөзіне сенсек, жұмыссыз жастардың қатарын жою үшін енді ЖОО-на түсу алды мамандықтардың атауы мен аясы өзгереді. IT форматына көшіп, шаруашылық бағытына басымдық беріледі.
Сондай-ақ, осынау шарада әр өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының штаттық бірліктері яғни, еңбеккерлер қатарының еселенуі де екшелді. Айта өтетін ақпарат, бұл басқосуға Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері делегациясы ретінде – Министрлік өкілдерімен қатар, Республикалық «Студенттер Альянсы» студенттер қозғалысы, «Жасыл ел» еңбек жасағының басшылығы және ел аумағындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары төбе көрсетті.