ОҚО-да 17 адам терроризмге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған

461

Биылғы жыл басынан бері ОҚО-да 17 адам терроризмге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 17 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шықты. 8 адам бас бостандығынан айырылған.

Діни алауыздықты қоздыратын материалдар таратқаны үшін 8 адам бас бостандығынан айырылған. ҚР ҚК-тің 233-ші бабының «Терроризмдік топ құру және оны басқару, оның қызметіне қатысу» бойынша 1 адамға бас бостандығынан айыру үкімі шыққан. Үкім заңды күшіне енген.

ҚР ҚК-нің 256 -шы бабының 2-ші бөлігі «БАҚ мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау» бойынша 8 адамға қатысты сот үкімі оқылып, заңды күшіне енген. Дәл қазір облыс соттарында 7 адамға қатысты осы тақілеттес 4 қылмыстық іс қаралуда.