Отандасын пышақтап тастаған Өзбекстан азаматы құрықталды

455

ОҚО, Сайрам ауданында Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Қазақстанға табыс табу үшін келген көрші елдің азаматы отандасын пышақтап тастағаны үшін айыпталып отыр.

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген өзбек жігіті алкогольді ішімдік ішіп, мас халде әріптесі, әрі отандасымен жанжалдасып қалған. Кикілжің соңы пышақтасумен тынған.

Ашу үстінде мас ер адам әріптесіне бірнеше рет пышақ тығып алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлері жараның орташа ауырлығын бағамдаған. Көрші ел азаматы қамауға алынды. ОҚО Сайрам аудандық сотының қаулысымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау шарасы көрілетін болды.