Өткен жексенбі күні екі жасөспірімге қатысты суицид оқиғасы тіркелді. ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық құқықбұзушылық картасының мәліметі бойынша, ҚР ҚК — нің 105 — ші бабы, 3 бөлімімен, яғни «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Суицид оқиғасы Арыс ауданы Монтайтас елдімекенінде тіркелсе, екінші оқиға Шымкент қаласында орын алған. Шымкент қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, 10-шы сынып оқушысы әскери-дала жаттығуларынан соң ауруханаға жеткізілген.
Диагнозы: дәрімен улану. Балаға медициналық көмек көрсетілген. Дәл қазіргі таңда баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ауруханадан шығарылып, ем — домын үйде жалғастырып жатыр. Жасөспірімнің ата — анасы суицид емес, бақытсыз жағдай екендігіне сенімді.