Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов

Созақ ауданының құрылғанына  биыл — 90 жыл. Осы торқалы тойдың аясында өлкеде ауқымды іс шаралар өтуде. Биыл Тәкен Әлімқұлов пен Төлеген Момбековтың 100 жылдығы, Бәтима Батырбекованың 90 жылдық мерейтойы, Асқар Сүлейменовтың 80 жылдығы кең көлемде аталып өтпек.

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов  аудандағы көзі тірі Ұлы Отан соғысының алты ардагеріне 9 мамыр — Жеңіс күні «Нива» автокөлігі салтанатты түрде табыс етілетінін Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жария етті.

Ауданның дамуына  сүбелі үлес қосқан жерлестеріне осылайша лайықты құрмет көрсету үрдісі  тәрбиелік мәні  зор дәстүр. Тағы бір айта кететін жәйт, соғыс және еңбек ардагерлерін кәсіпорын, ұйымдар мен білім ордаларының ұжымдары қамқорлықтарына алған. Аудан орталығы Шолаққорғанда бола қалсаңыз, саябақтағы ардагерлер аллеясын міндетті түрде аралаңыз деп кеңес береді  аудан басшысы.