Субұрқақтан салқын самал еседі…

951

Шымкентте субұрқақтар жылдағыдан ерте іске қосылып, көпшіліктің көз қуанышына айналды. Ұлыстың ұлы күні «Субұрқақ шашуы» атты іс-шара аясында іске қосылған фонтандар, әкімдіктің бекіткен арнайы кестелеріне сай жұмыс істеп тұр.

Қала аумағы өскен сайын субұрқақтардың да саны артып келеді. Шаруашылық бөліміндегілердің айтуынша, шаһарда 21 субұрқақ бар. Оның екеуі әуенді. Соның бірі Тәуелсіздік саябағында орналасқан. Оның күтімі » Жасыл қала» мекемесіне жүктелген.

Ал әкімшілік іскерлік орталығындағы тайқазан субұрқағы іске қосылғанымен, әуенді субұрқақ біраз уақытқа дейін көпшілікті қуанта алмайды. Өйткені нысанның желісі қолды болды деп бұған дейін де айтқан болатынбыз. Енді бюджеттен қайта қаражат қаралып, қалпына келтіріліп жатыр. Ал жұмыс істеп тұрған фонтандар арнайы кестемен қосылады.

Айта өтейік, шаһардағы субұрқақтарды күтіп ұстауға 174 млн. теңге қаралған. Арнайы жұмысшылар бөлініп, тазаланып та тұрады. Ең бастысы, салқын самалы қалалықтарға сая болуы үшін барлық жағдай жасалған.

Нұрлан Күдерұлы