Суицид жасамақ болған жасөспірімдердің жағдайы бірқалыпты

690

Шымкент қаласындағы Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектебінің 10 «а» сыныбының оқушысы Н.А. өз өзін аспақ болған. 15 сәуір күні кешкі сағат 20:00 шамасында өзін асып, өмірмен қош айтыспақ болған жасөспірімді ата – анасы байқап қалып, құтқарып қалған.

Өз өзін өлтірмек болған жасөспірім отбасындағы төрт перзенттің кенжесі. Ажалға асығуына не итермелегені белгісіз. Қатарластары да, мектеп ұжымы да жасөспірімді көпшіл, мінезі жайдары деп отыр. Қазіргі таңда Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер жағдайын бірқалыпты деп отыр.

Дәл сол күні Арыс ауданында 16 жастағы жасөспірім қыз дәрі дәрмек ішіп, өмірімен қош айтыспақ болған. 15 сәуірде сағат 22.00 шамасында Арыс аудандық ІІБ-не Монтайтас ауылы Береке көшесінде тұратын жасөспірімнің көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскені туралы хабар келіп түскен. 16 жастағы жасөспірім қыз бала анасының қонаққа кеткен уақытында жалғыз өзі үйде анықталмаған дәрі – дәрмекті өз өзіне қол жұмсау мақсатында ішкен. Бақилық болуды құп көрген қыздың ата – анасы ажырасып кеткен. Үйдің тұңғышы 16 жастағы жасөспірімнің бір інісі бар.

Екі оқиға бойынша ҚР ҚК – нің 105 бабы 3-ші бөлігімен, яғни «өзін өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.