Сайрамда 10-шы сынып оқушысы көз жұмды

0
фото Отырар.кз

 

Түркістан облысында 10-шы сынып оқушы көз жұмды. Оқиға Сайрам ауданында болған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оны іздеген туған-туыстары құзырлы органдарға хабар берген. Кейіннен кәмелетке толмаған баланың өлі денесі табылды. Ал полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды».