«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне биыл – 20 жыл. Шымкент қаласының халқын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме  еліміздегі заңдылықтарды  орындауды қолға алған  десек артық айтпағанымыз. Тіршілік нәрімен  1 млн-ға жуық жұртшылықты 24 сағат бойы  үздіксіз  қамту жүйелі үйлесімді жұмыстың арқасында мүкін болғанын сала мамандары серіктес өткізген жиында  баяндады.

Мекеменің былтыр атқарған жұмысы және  жоспарларымен  көпшілік танысып,  көкейлерінде жүрген  сұрақтарына жауап алды. Бүгінде монополистердің қыспағында  қалған  тұтынушыларды тариф бағасы толғандырады.

Жиынға қатысқан түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық және партия ұйымдарының өкілдері, үй төрағалары мен төрайымдары   баршаға ортақ мәселе төңірегінде талқылау жүргізді.

Тариф бағасын төмендету күн тәртібінен түспеген мәселе. Сушылар  бағаны төмендетуге  қолданыстағы бірқатар заңдардың қайшы екенін де түсіндіріп берді.  Және де  республикадағы өңірлер мен  көрші мемлекеттердің су мен кәріз жүйесі бойынша көрсетілетін қызмет түріне бағасына мониторинг жасап, Шымкенттегі бағаның тым қымбат еместігін дәлелдеп берді.

Айта кететін жәйт, «Су арнасы-Маркетинг» ЖШС – і өзге  монополистермен салыстырғанда  қоғам үшін ашық екенін ескеру қажет. Үнемі қоғамдық тыңдаулар, жиындар, БАҚ  арқылы халықты мекеменің тыныс-тіршілігімен, келешекке түзген жоспарларымен бөлісіп  отырады.

Осы бағытта  жақында   Шымкентте ұйымдастырылған «Елді мекендерді ауыз су және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда  кеңінен  талқыланды. Жиынға алыс-жақын шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен келген су арнасы мамандары қатысты.


Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы

Мекеме «Тұтынушыларға су есептегіш құралдарын орнатуды 1998 жылы бастаған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 100 пайызға орындалыпты. Оның үстіне 20 жылдың ішінде 900 шақырымға жуық тозған су жүйелері, 200 шақырымға жуық кәріз құбырлары жаңартылды. Осы уақытта 21 млрд. теңге инвестиция тартылған. Оның 10 млрд. теңгеге жуығын Еуропалық қайта құру және даму банкінен 10 жылға несие ретінде алып, жұмыс жүргізгені де жиында баяндалды.