Бәйдібек ауданында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында, такси тұрақтарын реттеу, такси жұмысын оңтайландыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрамында аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық кірістер басқармасының, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарынан құрылған жұмысшы топ бүгінде жұмыс жүргізу үстінде. Осы бағытта аталған жұмысшы топ Шаян ауылынан түрлі бағыттарға қатынайтын такси жүргізушілеріне заң талаптарына сай жүру ережелерін толыққанды түсіндірді.
Айта кетерлік жайт ҚР Инвестициялар және даму минстрлігінің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы » 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес, такси қызметтеріне қойылатын арнайы талаптар бар. Такси қызметіндегі автокөліктер шахматтық тәртіпте ораналасқан қара немесе сары шаршылардан тұратын белдеумен, такси төбесінде орналасқан және 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгілермен ерекшеленіп тұруға тиіс. Сондай-ақ, такси қызметіндегі көліктер жүргенге дейін техникалық бақылаудан, ал жүргізушілер медициналық тексеруден өтулері қажет.
Сонымен қатар, такси қызметімен айналысушылар аудандық кірістер басқармасына жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңының 26-бабының 1-тармағына сәйкес, такси тасымалдаушы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға (Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне) жіберуі тиіс.
Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-1 бабына сәйкес: Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзгеде қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру айыппұл салуға әкеліп соғатындығы жөнінде бірқатар таксимен жолаушылар тасымалдаушыларына жұмысшы топ тарапынан түсіндірілді. Өз кезегінде заңдастырылған такси жүргізушілері заң талаптарына сәйкес, ай сайынғы белгіленген салықтарын төлеп тұрулары міндетті.
Заңды түрде тіркелген такси қызметі – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі. Аталған жұмысшы топ аудан әкімдігімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, алдағы уақыттарда ауылдық округтері елді мекендерінде белгіленген жұмыстарын жалғастыратын болады.
Бұл түсіндіру жұмыстары жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау және жол апаттарының алдын-алу үшін ұйымдастырылып отыр.