Жалдамалы пәтерлерді тонаумен айналысып келген топ ұсталды

404

Ақпан айында Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының төрт тұрғыны хабарласып, олар жалдамалы пәтерлердегі мүліктерін белгісіз азаматтар тонап кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушілерге жалпы соммасы 500 мың теңгеден астам шығын келген.

Аталған арыздар бойынша Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Шымкент қаласының 1981 және 1987 жылғы тұрғындарын қолға түсірді.

Полицейлер анықтағандай, олар қылмыстарды бір сызбамен іске асырған. Яғни, жалған куәлікті қолдан жасап алған күдіктілер, жалдамалы пәтерлерді бір немесе екі күнге жалға алып отырған. Содан соң сол пәтерлердегі тұрмыстық техника мен жиһаздарды жасырын түрде тонап кетіп жүрген.

Қазіргі танда жоғарыдағы аталған қылмыстар бойынша күдікті тұлғалардың үстінен ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы