«Жедел жәрдем» сары түске боялды

778
inform.kz

Шымкентте «Жедел жәрдем көлігіне жол бер» атты шара өтті. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен акцияда қала көшелеріне сары түске боялған жедел жәрдем көліктері көшеге шықты, деп хабарлайды inform.kz.

Басқарманың мәліметінше, қала бойынша тіркеуде тұрған 95 жедел жәрдем көлігінің 20-сы сары түске боялған. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Ал, аталған акцияны ұйымдастыруға көлік жүргізушілерінің жол бойынша жедел жәрдем қызметкерлеріне жол бермей жатуы себеп болыпты. Сондықтан ақ халаттылар жүргізушілерге ой салып, шұғыл көмекке зәру науқастарды ауруханаға жеткізуді түсіндіруді мақсат тұтты. Әрбір науқасты аман алып қалуда санаулы секундтардың маңыздылығын ұғындыру болды.

Шара барысында сары түке боялған көліктер басқаларынан ерекшеленіп, көзге тез түсетіні байқалды. Оның үстіне жаңа көліктердің дабыл үні де ұлғайтылғандықтан, басқа жүргізушілер тезірек жол беріп жатты.