Ағымдағы жылдың 4 айында Түркістан қаласының аумағында 383 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 дерекке немесе 15,3 пайызға азайған. Соның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 78 дерек тіркелген болса, өткен жылы 129 дерек орын алған. Ал қалта ұрлығы бойынша 33 дерек тіркеліп, өткен жылы бұл көрсеткіш 43 дерек болған.

Түркістандық полицейлер пәтер ұрлығы бойынша ай сайын зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде: күндізгі сағат 06.00-12.00-ге дейінгі уақытта 8 пәтер ұрлығы, 12.00- 18.00 аралығында 31 пәтер ұрлығы орын алған ал түнгі уақыт 24.00-06.00 аралығында 21 пәтер ұрлығы оқиғалары орын алған.

Осы талдауларды негізге ала отырып түркістандық полицейлер күндізгі және түнгі топтарға бөлініп жұмыстар атқарған. Сондай-ақ бұл қылмыстардың төмендеуіне халық арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары да себеп болған.

Ал а.ж. 4 айында Түркістан қаласында 31 мал ұрлығы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға азайған. Соның ішінде мал ұрлығының 12 дерегі жайылымда, ал 19 дерегі қорадан ұрланған, ұрлық болған уақыттары күндіз 1 дерек, ал түнгі мерзімдерде 18 дерек тіркелген.

Учаскелік инспекторлардың қырағылығы ұрлықтардың бетін ашқан. Айтып өтейік ағымдағы жылдың қаңтар айының шеңберінде Түркістан қаласына қарасты Қарашық а.о. учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Ж.Ешманов және полиция капитаны Д.Керемовтардың жеке қырағылығымен 8 дерек пәтер ұрлығы қылмыстарының беті ашылған. Одан бөлек аталған қызметкерлермен осы жылдың ақпан айында өздерінің әкімшілік аумақтарында және қала аумағында орын алған трансформатор ұрлықтары бойынша күдіктілер ұсталып ұрлықтың 12 дерегі әшкереленген.

Учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен жіті танысып алып, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқарған. Нәтижесінде тұрғындардан алғынған ақпараттармен орын алған қылмыстардың бетін ашқан.

Бұдан бөлек Түркістан ҚІІБ –нің учаскелік инспекторлары қала аумағында орын алған қылмыстарды анықтау, алдын алу және болдырмау бағытында кешенді шараларды қолға алған.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы