Балалар үйі «Үйдегідей» болады

3489

Тастанды балалар мемлекеттік мекемелерде еркін өмір сүретін болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған оларды тәрбиелейтін мекемеде бұрынғыдай қатал тәртіп болмайды. Яғни, бала кез-келген уақытта тамақтанып, ойнап, демалады.

Балалар үйіндегі өзгеріс «Үйдегідей» атты жоба аясында іске асуда. Пилоттық жоба бойынша үш облыстағы мекемелер жұмыс істеуді бастады. Солардың ішінде Шымкент қаласындағы бөбектер үйі бар.

Ресейден келген білікті психологтар қазір Шымкенттегі дәрігерлерге жаңа жоба бойынша жұмыс істеуде практикалық тәжірбиелерімен бөлісуде. Сант-Петербург қаласынан Рифкат Мухамедрахимов және Олег Пальмов сынды білікті психологтар келіп, дәріс беруде.

Айта кетейік, Шымкенттегі бөбектер үйінде қазір 87 бала бар. Оның жиырмаға жуығы мүмкіндігі шектеулі балақайлар, оның 17-сі тастанды бала.