Кәсіподақ қызметкерлері мерекесін тойлауда

871

Облыстық кәсіподақ түрлі мамандық иелерінің басын қосып, ән салдырды. Шара 10 маусым — Қазақстан кәсіподақ қызметкерлерінің күніне арналып ұйымдастырылған. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы көпірге айналған кәсіподақ ұйымдарының кәсіби мерекесін атап өту мерекесі флешмобпен басталды. 

Түрлі сала қызметкерлері бас қосқан іс-шараға 200-ге жуық адам жиналған. Тәуелсіздіктің көк туын көкте желбірете ұстаған азаматтар «Өз елім» әнін әсем қимылдарымен әрледі. Олар сала мамандарын береке-бірлікке шақыру үшін атқарылатын мұндай іс-шаралардың берері мол екенін айтады.

Күлдар Есебаева, мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағының төрайымы: «Биыл Қазақсатан кәсіподағына 113 жыл толады. Бүгінгі күн федерацияның планы бойынша барлық өңірлерде тойланып жатыр. Бүгінгі іс-шараның өзі кәсіпоадақтың жұмысын насихаттау болып табылады. Жеке кәсіпкерлердің көбінде кәсіподақ ұйымы құрылмаған. Солардың да назарын аударғымыз келді. Біздің негізгі жұмысымыз еңбекшілердің құқығын қорғау болып табылады. Сондықтан еңбеккерлерге көңіл бөліну үшін жасалынып жатқан іс-шара»

Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының құрамына кіретін 18 салалық кәсіподақ бар. Кәсіподақ ұйымы еліміз бойынша дәрігерлер, мұғалімдер, байланыс және мәдениет саласы, әрі мемлекеттік қызметкерлер сынды 2 миллион адамның басын қосып отыр.

Зияда Ханазар, дәрігер:

«Мен бүгін көптеген дос таптым. Көңіл күйім керемет. Әр саланың мамандарымен танысып әңгімеміз жарасты. Осындай іс-шаралар көбірек болып тұрса әрине оң нәтиже беретініне сенімім мол».

Айта кетейік, облыста кәсіподақ ұйымы 1932 жылы құрылған. Ұйымның облыс бойынша барлығы 221 752 мүшесі бар. Олардың діттегені еңбектің еленіп, қызметкердің құқығын таптатпау.