Шипажайға жолдама береді

554

Шымкенттегі кәсіподақ ұйымы енді шипажайлар мен демалыс орындарына жолдама береді. Дәлірегі, мекеме жанынан бірыңғай туристік оператор орталығы қызметін бастады. Және жолдама құны сол шипажайлардың бекіткен тиісті бағасында ұсынылып, қолжетітімділігі артпақ.

Жаңа орталық – «Профтур»-дың қызметін Түркістан облысының тұрғындары пайдалана алады. Қазірдің өзінде, күн сайын ондаған адам келіп, жолдама сатып алуға асығып жатыр.

«Профтур» күнгейдегі ғана емес, мемлекетіміздегі түрлі денсаулық сақтау мекемелерімен жұмыла жұмыс жасайды. Сондай-ақ, медициналық және сауықтыру орталықтарындағы сан түрлі қызметтерді таныстырып, жолдаманы үстемесіз, өз бағасында ұсынады.

Орынкүл Ешенкулова, туристік

Орынкүл Ешенкулова
Орынкүл Ешенкулова

орталықтың аға менеджері:

«Бұл орталықтың бір тиімділігі – Сіз мұнда уақытты үнемдейсіз! Сондай-ақ, алдын ала орынға тапсырыс берудегі қаржыңыз қалтаңызда қалады. Және әр шипажайдың бағыты әр түрлі. Мәселен, бірі – асқазанды емдесе, екіншісі – бауыр мен өтті немесе қан қысымын қалыпқа келтіруі мүмкін. Осы орайда біз ем алушы мен демалушының ұсыныс-тілегіне құлақ асып, дұрыс кеңес айтып, жолдама бере аламыз».

Бастысы, мекемедегі мамандар бар қызметті тегін көрсетеді. Мұндай мол мүмкіндікке және қызметтің көмегіне тек кәсіподақтың мүшелерімен қатар, кез келген ниетті жерлесіміз жүгіне алады. Бұл ғана емес, орталық балалар лагерлері мен демалыс жасақ-жағдайын да сақадай сайлап, ұйымдастырып береді. Және мәдени -танымдық жобалар мен туристік саяхаттарды да қолға алып, жүзеге асыруға қауқарлы. Айта өтейік, бұл ұсыным, қызмет-құзыреттің барлығы да жұртшылыққа қолжетімді болмақ, яғни ұсыныс кестесі ақысыз – тегін жүргізіледі.