«Магнуммен бірге миллионер бол!» акциясының жеңімпазы белгілі болды

598

«Магнуммен бірге миллионер бол»! Шымкенте республикалық акцияның қорытындысы белгілі болды. Ұтыс ойыны 29 наурыз бен 9 мамыр аралығында, елдегі барлық «Магнум» дүкені бар қалаларда ұйымдастырылды. Акцияда бағы оза шапқан шымкенттік тұрғын бар!

Қаламыздың тұрғыны Инна Родина нағыз миллонер атанды. Қуанышында шек жоқ. Ұтқан қаржысына жыл бойы «Магнумда» сауда жасай алады.

Инна Родина, жеңімпаз: «3 мыңнан астам теңгеге бір зат алып кассада билеттің белгіленген жерін сүрдім. Қатты толқыдым сонда. Миллонды ұтып алғаныма, маған бұйырғанына өте қуандым».

«Магнум» дүкені орналасқан Қазақстандағы қалалардың барлығында 1 мыңнан 1 млн.-ға дейін ақшалай жүлделердің ұтыс ойыны ұйымдастылған. Науқан 29-шы наурыздан басталып, 9-мамырға дейін жалғасты. Жалпы жүлде қоры 40 млн. теңгені құрады.

Владимир Тимошенко, Шымкенттегі «Магнум» дүкенінің №2 филиалының директоры:
«Біз тұтынушыларымыз үшін ең үздік болу бағытында қызмет жасаймыз. Дүкендердегі өнімдердің сапасына баса назар аударамыз. «Магнум» компаниясы үшін адамдар бірінші орында. Бұл жолы сатып алушыларымызды ұтыс ойынымен қуантуды жөн көрдік. Акцияға қатысу үшін 8 мың теңгеге зат алу шарт болатын. Егерде чек 16 мың теңге болса, екі сертификат берілді. Негізгі жеңімпаздар 5, олардың барлығы Алматы, Астана, Қарағанды Петропавловскіде, енді міне Шымкентте де 1 млн. теңге ұтты».

Бүгінде «Магнум» Қазақстандағы ең танымал брендке айналған. Ең басты ерекшелігі арзан бағада! Оған тауарлардың кең таңдауын тағы қосыңыз. Сондықтан да шымкенттіктер «Магнумды» таңдайды.

Сауда бөлшек желісінің басшылары тұтынушыларға жасалған тосын сый мұнымен толастамайды деп отыр. Магнуммен бірге миллонер бол акциясының жалғасы ретінде керемет сыйлықтар ұсынылады деп күтілуде.