«SATTY ZHULDYZ қуаныш сыйлайды»: Отырарлық тұрғын миллионер атанды

99

Түркістан облысының тұрғындары қазақстандық миллионерлер қатарын толықтыруда. «Сәтті Жұлдыз» компаниясының олжалы лотерея билеті кезекті қуаныш иесіне 2 миллион теңге ұтыс әкелді. Компания өкілдері мен «Қазпошта»АҚ қызметкерлері лотерея жеңімпазын ұтысымен құттықтады

Лотереяның кезекті бақытты жеңімпазы Отырар ауданындағы шалғай ауылдардың бірінде тұрады. Жолбарысхан «Сәтті Жұлдыз» компаниясының лотерея билеттерін үнемі сатып алады екен, десе де мұндай үлкен ұтысқа бұрын-соңды қол жеткізбепті.

Жолбарысхан: «Satty Zhuldyz» лотерея ұтысының жеңімпазы: «Поштада акция болып жатыр екен. Соның ішінде қалтамдағы бар 500 теңгеме ойнадым. Ол жерде 2 мың теңгелік те, 1000 теңгелік те билеттер бар. 1 билет алып ойнадым. 2000 ұттым. Оған 3 билет сатып алдым. Үшінші билетімнен 2 млн. теңге ұттың деп шықты. Қуанып тұрмын. Мен бұған дейін бұлай ұтып көрген емеспін».

Бұл ұтыс ойынының жеңімпазы Шымкенттен 180 шақырым, ал облыс орталығы – Түркістан қаласынан жүз шақырым алыс жерде тұрады. Шалғай өңірде тұратын жан дәл осылай сәтті лотерея билетінің иесі бола алады дегенге сенбейтін шығарсыз… Бірақ оны Қазақстанның кез келген нүктесінде сатып алып, жеңімпаз атануға болады. Ойын билеті еліміздің барлық пошта бөлімшесінде сатылады.

Бағдат Есембаев, Шымкент қалалық «Қазпошта» АҚ сату бөлімінің басшысы: «Сәтті жұлдыз» компаниясы мен «Қазпошта» АҚ серіктес болып табылады. Өйткенті «Қазпоштай Қазақстанның барлық өңірінде бар. Түркістан облысында 307 бөлімшеміз бар. Олар сонау алыс мекендерде де орналасқан. барлық поштада «Сәтті жұлдыз» билеттері сатылады. Отырар ауданынадағы жеңімпазды құттықтаймыз».

Бұл соңғы уақыттағы «Satty Zhuldyz» лотореясының кезекті жеңісі. Мұндай ірі ұтыс сомаларының иелері үнемі анықталып тұрады. Әдетте ойында билеттерді жиі сатып алатындар жеңеді.

Павел Диденко, «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясы Шымкент қалалық филалының аға менеджері: «Қазіргі уақытта 1 тұрғын 2 миллион теңге ұтып алды, және біз оны құттықтаймыз. Соңғы екі үш апта ішінде «құттықтаймыз» лотереясына 5 миллион теңге ұтқандар болды. Бізде кеңсеге келіп қуанышымен бөлісетін 20 мың, отыз, елу және 100 мың ұтқан азаматтар да бар. Олар ойынға қатысуды жалғастыруда. Біздің ойыншылар лотореяға үлкен үмітпен қатысады және сәйкесінше жоғары ақшалай сыйлықтарға ие болады».

Сәтті билет сатып алу арқылы кез келген адам миллионер бола алады. Сонымен қатар бұл ұтыс ойыны еліміздің әлеуметтік тұрғыдан дамуына өз септігін тигізуде . Мәселен, «Satty Zhuldyz» қазақстандық спортты дамыту үшін 4 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы No 48 қаулысы.