Мерекелік сарбаз дастарханы жайылды

Жеңістің 73 жылдығы Шымкент қаласында жылдағыдай кеңінен тойланды. Бірақ биыл жылдағыдан шеруге келушілер мен қан майданда от кешкен ата-баба рухына тағзым еткендердің қатары жылдағыдан анағұрлым көп болды.

ОҚО әкімдігі мен Шымкент қаласының әкімдігі Абай саябағында ҰОС мен тыл ардагерлеріне арнап сарбаз дастарханын жайды. Онда жылдағыдай сарбаз ботқасы да дайындалды.

Ұрпағының бейбіт өмірі үшін жастық жалыны мен балалық шағын қиған сұрапыл соғыстың куәгерлеріне арналып мерекелік қойылым көрсетілді. Тарихтың  қанмен жазылған беттерінен сыр шертілді. Майдандастар арқа-жарқа болып, дастархан басында көзайым боп, қауқылдасып, көңілдерін бір демдеді.