Оқырмандар Төрегелді Байтасовты еске алды

188

«Байтасовтың байтақ әлемі». Күнгейлік оқырмандар белгілі қаламгер Төрегелді Байтасовтың есімі мен еңбегін ерекше құрметпен еске алды. Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өрбіген әдеби жиынға зиялы қауым өкілдері — қаламдастары мен туыс-жақындары және қалың оқырмандары жиналды. Келген көпшілік жазушының өміржолы мен еткен еселі еңбегін айтып, тұлғаның қазақ әдебиеті төріндегі орнын тағы да айшықтады. Сондай-ақ, қоғамдағы, ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы қиын қыстауға қарамай, қазақ журналистикасындағы «Жібек жолы» баспасының биігін көрсеткен автордың ерлігі әлі елдің есінде.Айта өтейік, Төрегелді Байтасов 1993 жылы «Жібек жолы» баспасының Президенті қызметін атқарған. Және Алаш жұртының бүгіні мен болшағы үшін 500-ден аса түркітілдес кітаптарды шығарып, қарашаның құрметіне бөленген.