ОҚО-да майдангерлерге 240 мың теңгеден берілді

479
inform.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 73 жылдық  мерекесінде 174 соғыс ардагерге ерекше құрмет көрсетілді. Майдангерлерге облыс әкімінің құттықтау хаты жолданып, сый-сияпат көрсетілді, деп хабарлайды inform.kz.

Аймақтағы барлық соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша  100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 240 500 теңге көлемінде ақша берілді. Ал тыл еңбеккерлеріне 12025 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленді.

Жалпы, өңірде соғыс ардагерлерінен бөлек  15733 тыл еңбеккеріне және 4885 екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендерге құрмет көрсетілуде.