Полицейлер 10 жылға бас бостандығынан айырылды

320

ОҚО Отырар аудандық ІІБ басшыларының бұрынғы орынбасарлары сотты болды. Экс шенділер есірткі тасымалымен заңсыз қарусақтағаны үшін айыпталды. Полицейлер есірткіге тәуелділерге марихуана сатып келген. Сот үкімімен экс полицейлер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ОҚО Отырар аудандық ІІБ учаскелік инспекторы пара алғаны үшін сотты болды. Экс инспектор сот үкімімен 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үйлестіруші судьясы Әбинұр Қарабаев:

«ОҚО Отырар аудандық ІІБ басшысының орынбасарлары мен инспекторына қатысты Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық сотында іс қаралды. Екі басшылық құрамда болған сотталушылар өз қызметін асыра пайдаланушылық, қаруды заңсыз сақтағаны үшін және есіртікіні тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал учаскелік полицей пара алғаны үшін ғана. Инспекторға бірінші сот сатысының шешімімен 4 млн 200 мың теңге айыппұл тағайындалса, апелляциялық алқаның ұйғарымымен 3 926 685 теңгеге төмендетілді».