Шымкентте

Қаһарман ұлт шеруі. Батыр әкелерінің суретін көтерген ұрпақтары, ер есімі ешқашан ұмытылмайтынын дәлелдеді. Үш мыңға жуық азамат қатысқан шеруге таңсәріден жиналғандар көп болды. Барлығы соғыста жанқиярлықпен шайқасқан Ерлердің атын ардақтауды мақсат еткен.

Шымкентте "Қаһарман ұлт" шеруіне 2000-мыңға жуық азамат қатысты

Қай-қайсысын сөзге тартсаңызда аталарының ерлігін санап береді. Бірінің батыры соғыстан қайтпаған. Енді бірінің жауынгер атасы елге оралып, еңбек еткен. Ұрпақ жалғап кеткен.

Шеруде сап түзегендердің ендігі бір бөлігі, қарт жауынгер аталарының сүйегін елге әкелуді мақсат етеді. Жерленген жерін тауып, туған жердің топырағын бұйыртып қайтқандарын да кездестіруге болады.

«Менің атам ҰОС қатысқан. Соғыста атам ұшқыш болған. 1945 жылы сезгізінші мамырда Берлин қаласына жетіп, жеңіске жеткен. Мен атамды мақтан етемін» дейді.
Шымкентте "Қаһарман ұлт" шеруіне 2000-мыңға жуық азамат қатысты

Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Жанқиярлық ерліктері үшін ардақталғандары көп.

Лаура Мамырова