Шымкентте жергілікті бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда 2 нысанның құрылысы жүруде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тоғыс елдімекені мен Қайтпас-2 шағынауданындағы кәріз жүйелерін ретке келтіру жұмыстарынан кейін 5192 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 47,8%-ға жетпек.
Айта кетейік, шаһардағы жалғыз тазарту құрылғылары кешенінің қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды. Ал қала әкімі жауапты мамандарға барлық жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды.