Ауылдағы мектептер қала мектептерінен жақсара түсуде

154

 

Beeline Қазақстан еліміздің сегіз ауылындағы тірек мектептерін жаңартты. Жобаға қатысқандар қатарында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Абай, Ақмола, Қостанай, Жетісу облыстарының мектептері бар. Бүгін Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатындағы өзгерістер туралы айтқымыз келеді.

Жоба аясында мектептің 22 оқу кабинеті жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, құрал-саймандар, оқытудың техникалық, көрсету және баспа құралдары сатып алынды. Сонымен қоса, бейнеқабырға, арт-студия, STEM-зертханасы, шеберханалар жабдықталды. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде.

Жаңартудың оқушыларға жақсы әсер еткені сонша, енді сабақтан кейін балаларды үйлеріне қайтару мүмкін емес. Оқушылар STEM және модельдеу сабақтарына қалып, зертханаларда тәжірибе жасап, арт-студиясында шеберліктерін арттыруда. Заманауи жабдықталған оқу орнында жұмыс істеудің ерекшелігін ұстаздар қауымы да атап өтуде. Мұғалімдерге әдіс­те­мелік қолдау көрсетіліп, оқыту және кабинет­тер­ді жабдықтау кезінде НЗМ тәжірибесі мен ұсыныстары пайдаланылды. Ұстаздар біліктіліктерін арттырды.  Мұның барлығы «Қазақстан халқына» қоры мен Beeline Қазақстан компаниясының мемлекеттік жобада бірлесуінің арқасында жасалды. Сондай-ақ, жоба – Білім беруді тұрақты дамыту қорының (FURO), AITAS холдингінің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірнеше жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында іске асырылған идеясының жемісі.

2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін Президент денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Бизнес-қауымдастық бұл бастаманы қолдап, Beeline Қазақстан компаниясы қорға 2 млрд теңге бөлді. Қаражат тек компания таңдаған жобаға жұмсалады деген келісіммен берілді. ШҚО-да бірнеше жылдан бері ауыл мектептерін қолдау бағдарламасымен жұмыс істеп келе жатқан, 2019 жылы НЗМ-мен бірге облыстың бес ауылдық мектебінде іске қосылған жоба таңдалынып алынды. 2022 жылы жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» деп аталып, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен республикалық жобаға айналды.

Білім министрлігі ауылдағы шағын мектептерді «тірек» мектептеріне айналдыру қажеттігін, педагогикалық және инфрақұрылымдық ресурстарды керек ететін 17 мектептің тізімін ұсынды. Сонымен қатар, педагогтардың, заманауи әдістемелер мен жабдықтардың жетіспеушілігіне аса назар аударды.

Beeline Қазақстан осы тізімнен 8 мектепті таңдап, олардың әрқайсының материалдық-техникалық жарақтандыруына 250 млн теңгеден бөлді. Жобаны бастамас бұрын компания қызметкерлері жергілікті жерлерде материалдық-техникалық базаның нақты қажеттілігі мен жай-күйіне көз жеткізу үшін таңдалған мектептерге барды.

Beeline Қазақстанның әлеуметтік жобаларды іске асыруда тәжірибесі айтарлықтай мол. Телеком-оператор ұзақ жылдар бойы жастардың IT -стартаптарын, цифрлы білім беру жобаларын қолдап келеді. Компания сондай-ақ «250+» бағдарламасына қатысып, 250 адамнан асатын тұрғыны бар шағын елді-мекендерде 4G желісін салумен айналысуда.

«Ауыл мектептерін қолдаудың осындай маңызды бағдарламасына серіктес болғанымызға қуаныштымыз. 2020 жылдан бастап Beeline «250+» жобасын іске асырып, соның арқасында Beeline мобильді интернеті мен байланысы 1500-ден астам ауылда пайда болды. Ауыл-аймақ тұрғындары қазір қаламен бірдей интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Тірек мектептерді дамыту жобасы да қала мектептерінің дәрежесіне сай балаларға тең мүмкіндіктер беру мақсатында жасалды. Бағдарламаның арқасында ауыл балалары сапалы, бәсекеге қабілетті білімге ала алады. Жобаның біз үшін маңызы зор», — дейді Евгений Настрадин, Beeline Қазақстан компаниясының бас директоры.

Бүгінгі таңда сыныптарда жаңа компьютерлер, сөрелер, ыңғайлы үстелдер мен орындықтар бар. Жаңартылған мектептерде оқушылар роботтарды өздері жинайды, дрондарды іске қосады, мұғалімдер жұмыста интерактивті панельдерді пайдаланады. Сабақ арасында, үзілісте де уақыт қызықты өтеді. Мектеп дәліздерінде үстел ойындары, «жарқын идеялар» қабырғасы, акт залында жаңа құралдар мен заманауи жабдықтар бар. Арт-студиясында балалар бейнелеу өнерін үйреніп, лабораторияларда эксперименттер жасайды.

Лицей-интернатында барлығы 1067 бала оқып, 129 мұғалім қазақ тілінде сабақ береді.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы – Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) жыл сайынғы марапатында «Қоғамды дамытуға арналған үздік жоба» деп танылды. Beeline Қазақстан бұл марапатты «AmCham-ға мүше компанияның қоғам өмірін жақсартуға қосқан үздік корпоративтік үлесі» номинациясында алды. Сондай-ақ, ЕУРОБАК-тың (Қазақстанның Еуропалық Бизнес қауымдастығы) жылдық марапаты бойынша жоба – CSR «Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік» номинациясында үздік атанды.

Ауылдағы мектептерді үздік зияткерлік мектептер стандарттарына дейін жақсартуды көздейтін жоба сәтті жүзеге асырылып жатқанына сенімдіміз. Бағдарлама арқасында қалалық және ауылдық білім беру деңгейінің айырмашылығы азаюда. Beeline компаниясы бөлген 2 млрд теңге 8 ай ішінде игерілгенімен, іс жүзінде бұл – ұзақ мерзімді инвестиция. Нәтижесін жаңартылған мектептердің алғашқы түлектері үздік жоғары оқу орындарына түскенде байқаймыз.