Шымкент қаласында 16 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы куәгерлер айтып отыр.
Тоғыз қабатты үйдің тұрғындарының сөзіне сенсек, 9-шы сынып оқушысы сүйікті қызымен ренжісіп, өмірімен қош айтыспаққа бел буған көрінеді. Өз өзіне қол жұмсаған жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Бұл ақпаратты құзырлы органдар әлі ресми түрде растаған жоқ.