Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті тұрғын арызданды, онда ол мейрамханалардың бірінде оған бір ер адам келіп, 20 мың теңгелік 2 купюраны майдалап беруін өтінген. Алайда майдалағаннан кейін купюралар жалған екендігі анықталды. Аталған жайт «алаяқтық» бабы бойынша Абай ПБ СДТБТ-не тіркелген.
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өз ісін мойындаған күдікті Шымкент қ. тұрғынын ұстады. Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары тергеу кезінде анықталды. Мамыр айында алаяқ Шымкент қ. мейрамханалардың бірінде жалған купюраларды осылайша 20 мың теңгемен майдалап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 80 мың теңгені құрады.
Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы барын тексерілуде.
Шымкент қ. полицейлері тұрғындарға мұқият болып, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде түрлі алаяқтардың қармағына түспеу үшін сақ болуға кеңес береді.
Осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефон нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыз.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы