«Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті өтті

149

 ОҚО Түркістан қаласында Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 18-ші облыстық слеті өткізілді. Жас инспекторлар қозғалысы топтарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар, балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында ІІД Жергілікті полиция қызметі, Білім басқармасы және «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдіктері мен облыстың ҚЖИ-ның қалалық және аудандық жеңімпаздары қатысты.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету — аумақтағы өзекті мәселелердің бірі. Жол-көлік оқиғаларының туындауының тежеуші факторы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Өңірлік слетті өткізудің басты мақсаты — жолдағы балалар жарақатының алдын алу, балалармен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау болып табылатын жол қозғалысы жас инспекторларының мектептегі топтарының қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

Слетке қатысушылар саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің белгілері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт- насихат топтарының байқауы, тапқырлар (эрудиттер) турнирі, «Ашық үзіліс» байқауы бағыттары бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесінде жалпы командалық біріншілікте 1-ші орынды Түркістан қаласы №24 жалпы орта мектеп оқушыларынан құралған «Жасұлан» командасы иеленді. Ал, 2-ші орынға Түлкібас ауданы Б.Сыдыков атындағы жалпы орта мектептің «Жасұлан» командасы ие болды.

Облыстық слеттің жеңімпазы — Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінен құралған командасы Қызылорда қаласында 2018 жылдың 20-29 тамыз аралығында өтетін республикалық слетте Оңтүстік Қазақстан облысының атынан өз білімдері мен шеберліктерін көрсететін болады.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы