Қалалық әкімдік ғимараты жасыл технология бойынша жабдықталады

628

Шымкент қаласы әкімі аппаратының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмысы аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын. Мердігерлер ғимараттың жылу жүйелерін, электр желілерін және қабырғаларын жаңартып, шатырын толық алмастырды.

Сала мамандарының айтуынша, құрылысқа заманауи материалдар пайдаланылыпты. Әрі жасыл технологияға бағытталған. Бүгінгі таңда айналасы алуан түрлі гүлге көмкерілген. Айта өтейік, бұл ғимаратта 57 жыл бойы күрделі жөндеуден өткізілмеген. Алғаш рет жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары бітуге шақ.

Нұрлан Күдерұлы