Қарнақ ауылында мың жылдық тұт ағашы бар

1914
Қарнақ ауылындағы алып тұт ағашы

Кентау қаласынан оншақты шақырым жерде орналасқан Қарнақ ауылында көне зираттың аумағында  жасы мыңнан асқан тұт ағашы өсіп тұр.

Бұл тұт ағашын жергілікті тұрғындар «Мәжрәтұт» деп атайды. Қарнақтағы ақсақалдардың айтуынша  дарақты VІІІ ғасырда ислам дінін Орта Азия елдеріне тарату мақсатында келген араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим отырғызған. Көне тұт ағашының қурамай, кесілмей  осы күнге дейін  сақталып  қалуына бір ұрпақ емес бірнеше ұрпақ ат салысты.

Хәшірмат Атажанов, Қарнақ ауылының тұрғыны

Хәшірмат Атажанов, Қарнақ ауылының тұрғыны: «Тұт ағашын отырғызған әулие кісі болған Имам Бахли. Біз осында Толқын екеуміз зират аумағында жол салып, орындықтар қойдық. Келушілер көп, Канададан да келгендер бар. Саяхатшылардан  қай жерден келдіңдер деп сұрай  бермейміз. Біздің  міндетіміз, атадан қалған мұраны келешек ұрпаққа жеткізу».

«Киелі  жерлер географиясы» жобасын жүзеге асыруда  Қарнақ ауылындағы  тұт ағашы, зират аумағы туристік маршрутқа енгізілген. «Рухани жаңғыру: болашаққа  бағдар» бастамасы аясында тарихи орынды өскелең ұрпақты  тәрбиелеуде кеңінен қолдану — азаматтық парызымыз деп біледі қарнақтықтар.

Тұт ағашын 8 адам құшағына алды