38 қызметкерге қатысты іс сотқа жіберілді

403

Түркістан облыстық ІІД әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөлімінің 38 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін облыстық сотта өткен брифингте мәлім болды.

Облысық соттың судьясы Тамара Смайлованың сөзінше, «Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 тұлғаға қатысты іс 1567 томнан тұрады. Барлығына күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі таңда сотқа 362 том түскен».
«Ішкі істер қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрған, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған, пара алған және өкілеттілігін асыра пайдаланған» деген бірнеше баптармен айыптар тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың шілде айында Облыстық ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімінде арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде басшысынан бастап 38 қызметкер ұсталған болатын. Осы қылмыстарды ашу барысында мемлекетке баж салығын төлемеген мыңға жуық көлік анықталып, 4 млрд. 200 млн. теңге шығын келгені белгілі болды.