Арбаттың аркасы орнатылды

634

Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесінің бойындағы Арбаттың алғашқы қақпасы орнатылды. Қақпа Еуропалық стильде жасалған, биіктігі 7, ені 12 метрді құрайды. Арканың жоғарғы бөлігіне сағат қойылған.

Тіректері гранит және клинкер тастармен қапталған. Сала мамандарының айтуынша, ұзындығы бір шақырымға жуық Бекет батыр Арбатында кем дегенде екі қақпа болады. Арбаттың көркемдігі өзге демалыс орындарына ұқсамайды, сонысымен көпшіліктің көңілінен шыққан.

Нұрлан Күдерұлы