Қуыршақ жәрмеңкесі өтеді

147

20 қазан күні қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының үйлестіруімен «Арбат» алаңында 11: 00 ден 17:00 – ге дейін «Қуыршақтар жәрмеңкесі» өтеді. Аталған жәрмеңке бағдарламасы қуыршақтар шеруімен басталып, онда көрермендер сан түрлі қуыршақтарды тамашалауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, қуыршақ театры мамандары келушілерге қуыршақтың дайындалуы туралы шеберлік сағатын ұйымдастырады. Айтулы іс-шарада көрермендер жәрмеңкеде ұсынылған ертегілер әлеміндегі кейіпкерлерді сатып алуға мүмкіндік алады.

Диана Біржанова