«Бөбектер үйінде» «Тұсау кесу» рәсімі өтті

1301

Тұсау кесу. Журналистер қауымының мерекесіне орай, Шымкенттегі мамандандырылған «Бөбектер үйі» тұсау кесу рәсімі өткізді. Ата – баба салт дәстүрі негізінде өткізілген шараға біздің арнаның түсірілім тобы да қатысып, Раяна есімді бүлдіршіннің тұсауын кесіп қайтты.

Қайраттың тұсауын «Мейір» әжелер тобының белсендісі кесті. Болашақта Ғалия әжесі секілді қоғамға еңбек етіп, адал болсын деген ниеті бар. «Қайрат» бөбектер үйіне осыдан бір жыл бұрын келген.

Бөбектер үйінде тағы бес баланың тұсауы кесілді. «Отырар» телеарнасы қамқорлығына алған Раяна есімді қыздың тұсауын кесу арна тілшісіне бұйырды. Шашу шашылып, барлық салты жасалды. Үлкендер тәй-тәй басқан қадамдарына ақ батасын берді.

Мамандандырылған бөбектер үйінде 80 бала тәрбиеленуде. Оның 17-нің ата-анасы бар. Естеріңізге сала кетейік, «Отырар TV» телеарнасының ұжымы бесікке салған бөбектің жолы болып, ата-анасы табылыпты. Ал тұсау кесер той алғаш рет өткізілуде.

Айжан Ермекқызы