Жетісайлық өгей ананың бір жарым жасар сәбиі «Мамандандырылған бөбектер үйіне» орналастырылды

258

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім емшараларын аяқтап ауыруханадан шықты.

Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылғы 20 сәуірде апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Ал аталған отбасындағы бір жарым жасар сәби Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды.

Істі болып жатқан, жасөспірімдердін әкелерімен бірге тұрған әйел сот шешімімен, жүктілігіне (30 апталық) байланысты үй қамауына ауыстырылды. Тергеу амалдары жалғасуда. Жасөспірімдер ұдайы психологтердің бақылауында. Оларға білікті психологиялық көмек көрсетілуде. Аталған іс облыс прокурорының бақылауында.