Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 маусым 2018 жылғы бұйрығымен Әділ Əбдіқадырұлы Кәрім Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Ә.Кәрім 10 қараша 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны — Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры. Алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!