Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында, шамамен 55-60 жас шамасындағы азиат нәсілді азамат жан сақтау бөліміне түскен. Ол басынан ауыр жарақат алып, миына зақым келген.
Науқасты жедел жәрдем көрсету бригадасы Желтоқсан көшесінің бойынан алып ауруханаға ес түссіз жеткізеді. Қазір науқастың жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Егер де сіз бұл азаматты танитын болсаңыз аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісіне хабар берулеріңізді сұранады. Науқастың жеке басын анықтау мақсатында.