Ғажайып сәт — ағаштардың саясында демалып, хауыздың мөлдір суына сүйсіну, тұнық суына түсу. Енді Сіз мұндай жайлылықты қаласаңыз, шетелге сабылмасаңыз да болады! Шымқаладағы «Дельфин» аквасаябағы 14-жазғы шомылу маусымын ашып, жерлестерімізді қуана қарсы алуға көшті. Жанұялық демалыс үшін жайлы орынға алғашқылардың бірі болып біз де барып, шымкенттіктердің жаз бойы «Дельфиннен» шықпауының құпиясын біліп қайттық.
Қаржы үнемдеп, уақытты тиімді пайдалану, өзіңіз бен жанұяңызға таңғажайып демалыс тағайындау. Мөлдір су мен ағаштың саясындағы серуен. Бұл ұсыным-қағида үшін қазір жол жүріп, шетелге сабылудың қажеті жоқ. Қала аумағында, Шымкенттің жүрегінде жайғасқан «Дельфин» аквабағына бұрылсаңыз болғаны.
Санаулы минут-сағаттардың ішінде ұмытылмас сәт сыйлайтын демалыс орны саябақтағы теңдессіз ерекше шағын климатымен ерекшеленеді. Тұнық су, жасыл ағаштар, таза ауаның аясы мен күннің күлімдеген сәулесі! Сіз бен Біз үшін бұдан артық не керек?!Құрбан Юнусов, қала тұрғыны: «Мен әр жылы жазда «Дельфинге» немерелеріммен қуана келемін. Бұл жолы да 2 немереммен күнді жақсы өткізіп жатырмыз».
Аквабақты көріп, бұл аумаққа сүйсініп, тамсанбау — сірә, мүмкін емес! Сондықтан болса керек, жерлестеріміз ғана емес, шетелдіктер мен өзге де қала қонақтары мұнда жиі келеді. Елена Петрик Калининградтан келіпті. Жас ана «Дельфиндегі» демалысын, ондағы әсерлі әлемді былай түсіндірді.
«Демалыс орнына кірген бойда, гүлдер мен суды көріп, ерекше әсерге бөленемін. Керемет! Әдеттегі аквабақтардан тек хауыздарды көресің. Сондықтан, «Дельфинге» жиі келіп, отбасымызбен демаламыз», — дейді Елена Петрик.
Айта өтейік, Дельфин аквабағы — бүгінде Шымкенттің бірегей демалыс орнына айналған. Мұнда үш бірдей: балалар, үлкендер мен спорттық хауыздар жұмыс жасайды. Және 11 құтқарушы маман демалушылардың қауіпсіздігінн қарап, қадағалап отырады. Сондай-ақ, демалыс аумағының тазалығы мен тынышы үшін тағы бір жұмыс тобы жұмылдырылған. Ал судың сапасына келетін болсақ, заманауи технология — судың тазалығын тексеруші қондырғы мен үгітінді фильтр көмегімен, сәт сайын тазаланып, сенімділік тудырған. Судың температурасы да қалыпты жағдайда.
Бұл ұсыным — «Дельфиндегі» хауызға түсіп, жүзудің қауіпсіз екенін екшейді. Және жанға жайлы демалыс сыйлайтыны анық. Ендеше, Абай саябағындағы «Дельфин» аквабағы Сіз бен Бізді күн сайын түскі сағат 12:00-ден, кешкі 21:00-ге дейін күтеді. Ал билеттер бағасы қолжетімді. Балалар үшін — 800 теңге болса, үлкендер — 1200 теңге төлеп, демалыс аумағына ене алады.