Күнгей халқы 3 миллионға жетіп қалды

502

Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің ақжолтай хабары қуантып отыр. Басқарманың 1 мамырға дейінгі мәліметі бойынша облыстағы халық саны 2950,6 мың адамды құрап отыр. Яғни, 3 миллионға жуықтап қалыппыз.

Қаңтар-сәуір айлары аралығында дүние есігін ашқандар 25,1 мыңды құраған. Яғни, 103,3 пайыз. Ал өлім жітім 4,9 мың. Балағынан бала саулаған күнгейлік келіншектер 3 миллиондық белеске аз ғана уақытта жеткізері анық. Батыр аналарымыз көбейе берсін дейік!