Халық саны 2 млн-нан асқан өңірлер: Алматы мен Түркістан облыстары

44
фото azh.kz

2009 жылғы санақпен салыстырғанда Қазақстан халқы 20 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде адам саны 2 млн-нан асқан өңірлердің жалпы саны үшеу. Олар: Алматы мен Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Ал халық саны күрт өскен аймақтар арасында бірінші орында — Астана қаласы тұр. Елордада 2009-шы жылдан бері халық саны 2 есе артқан. Ал Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында 1 жарым есе көбейген.

Адам саны 2 млн асқан өңірлер:

Алматы облысы — 2 146 576

Түркістан облысы — 2 054 021

Алматы қаласы — 2 030 285

Халық саны өскен аймақтар:

2009 жыл                                                 2021 жыл

Астана — 613 000                                    Астана — 1 234 000

Шымкент — 730 000                                Шымкент — 1 112 400

Маңғыстау облысы — 485 000                 Маңғыстау облысы — 735 000