Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында 2018 жылдың 16 маусымы күні жеңіл атлетикалық жүгіруден «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық марафонын өткізу жоспарлануда.
Марафон дендросаябақтың алдынан басталып, Астана даңғылы бойымен облыс әкімдігі алдында аяқталады. Ұзындығы — 2,5 шақырым марафон республиканың барлық облыс орталықтарларында бір күнде, бір уақытта басталмақ.
Осыған байланысты сағат 9:30-дан 11:00-ге дейін мына көшелердегі қозғалыс жабылады: Бәйдібек би даңғылы мен Алматы тасжолы қиылысынан (бағдар – дендросаябақ) Астана даңғылы мен Шаяхметов көшесімен (бағдар – облыс әкімдігі) қиылысы аралығына дейін.