Мақтарал ауданында 8 жасар бала суға кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай 12 маусым күні Мақтарал ауданына қарасты Әдеп-ата ауылында орын алған.
101 пультіне хабарласқандар 8 жастағы баланың су арнасына байқаусызда құлап кеткенің хабарлаған.
Айта кетейік,облыста су ағысымен болған өлімнің 9-шы оқиғасы тіркелді. Суға кетіп мерт болғандар 3 жаспен 8 жас аралығындағы балалар.