4 жасар бала суға кетті

652
Хабар 24

Биыл суға кету оқиғалары жиілеп тұр. Күні кеше яғни, жұма 3 тамыз күні 4 жасар баланың ажалы судан болды. Түркістан облысында құтқарушылар ата-ана қарауынсыз қалып қойып, арыққа батып кеткен 4 жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.

«Құтқарушылар Сарыағаш ауданының Ащысай ауылына қарасты «Құркелес» суармалы арығынан 2014 жылы дүниеге келген баланы іздестіріп жатыр» делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, 3 тамызда ата-ана қарауынсыз қалып қойған бүлдіршін абайсызда арыққа құлап кетіп, суға батып кеткен.

Баланың денесі әлі де іздестірілу үстінде.