Медицина қызметкерлері арасындағы спартакида өз мересіне жетті

556

«Денсаулық бәрі үшін!». Осындай атаумен Түркістан қаласындағы медицина қызметкерлері күніне арналған ауданаралық спартакиада өз мересіне жетті.

Спорттық шара Түркістан қалалық салауатты өмір салтын қалыптыру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Жалпы алғанда спартакиадаға Түркістан қаласының медицина мекемелері, соның ішінде 570 азамат қатысты.

Айта кетейік, спартакиданың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, Сидней олимпиадасының чемпионы Түркістанның мәңгі мақтанышы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов және де қалалық маслихат депутаты Түркістан Гуманитарлық педогогикалық колледж директоры Айдос Апбазов қатысты.