Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп бітіруші түлектің менингиттен қайтыс болғаны расталды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды inform.kz.
«Оңтүстік Қазақстан облысында 15 маусымда қайтыс болған адамның менингит инфекциясы күдіктелген диагнозы зертханалық тұрғыда расталды» делінген министрліктің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2018 жылдың басынан бастап менингококк жұқпасына қатысты 62 оқиға тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 7 адам, 42 адам шығарылған және 13 жағдайда өліммен аяқталған. Алматы қаласында — 6 факті, Алматы облысында — 3, Оңтүстік Қазақстан облысында — 3 және Қызылорда облысында — 1 оқиға тіркелген.