Қажылыққа баратындар менингитке қарсы екпе жасатуы тиіс

542
қажылыққа баратындар менингитке қарсы екпе жасайды

Қажылықты шынайы ықыласпен жасау үшін деніңіз сау болғаны шарт. Шетелге сапар шегетіндерге менингитке қарсы екпе жасатуды мемелекет жүктеп отыр.

Құны 27 мың 400 теңге тұратын вакцинаны әзірге  Шымкентте   300 азамат салдырған. Процедура Дулати көшесінде орналасқан  қалалық №1  ауруханасында жүргізілуде.

Қалалық №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Мұқан Утекеев

Мұқан Утекеев, қалалық №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі: «Сауд  Арабиясы аумағы қазір менингит ауруы таралуына бейім болғандықтан, қажылыққа  баруды ниет еткен азаматтар екпе алуы тиіс. Екпені салу алдын, азаматтың  қан қысымы мен температурасын  өлшейміз. Барлығы  қалыпты болса,  онда екпе жасалады. Екпе  жасалғаннан кейін, адам  үш күн сақтануы қажет. Екпе бес жылға жарамды».

Бес парыздың бірі қажылыққа сапар шегу тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл дегеніміз тек қана қаржы және уақыт сарп ету ғана емес, ең бастысы рухани әзірлікке баса назар аудару! Бұл мақсатта облыстық орталық мешітте қажылыққа баратындарға арнайы семирнарлар өтуде.

Ең бастысы адам ойын бір жүйеге қойып, рухани тазаруы тиіс. Жан мен  тәннің тазалығын сақтау әрбір мұсылманға қойылатын талаптардың бірі. Сондықтан да, сіздер, Алланың  үйінде қажылықты жасаудың шарттарын үйренесіңдер»-, дейді облыс имамы.

Биыл қажылыққа қанша түркістандық баратыны белгісіз. Былтыр 2 мыңнан астам азамат бесінші парызынан құтылып келгені мәлім. Имамдар сапар алдын орындалатын міндеттерді орындауға шақырады. Ол әрбір азаматтың денсаулығының кепілі деп отыр.