Облыстық кәсіподақтар бірлестігі жастарға фильм көрсетті

471

Облыстық жастар ресурстық орталығына жиналған жастар «Жұлдыздар тоғысқанда» кинофильмін тамашалады. Патриоттық туындыда Елбасының өмірі, жастық шағымен қатар жетістікке жету жолы да көрсетілген. Кинокартинадағы әрбір кадр президент өмірінің айғағы болды. Көпшіліктің қызығушылығын туғызған туындыны келушілердің назарына облыстық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

Серік Әуесханов, облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары: «Ардагер кәсіподақ мүшелерімен жастардың кездесуінде Елбасымыздың өмір дерегінен сыр шертетін осындай фильмді көрсетуді жөн көрдік. Бұл – ел тәуелсіздігін алғалы бері бүгінге дейінгі Елбасының жолы. Сол кезеңдерде жұмыс атқарған ардегерлеріміз жастарға кәсіподақтың негізгі міндетін түсіндіріп бақты. Сондай-ақ кәсіподақтың рөлін көтеруге байланысты қабылданған заңға енгізілген өзгерістер, жеңілдіктер және осы заңға сәйкес еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша аянбай жұмыс істейтіндігін түсіндіріп бақты. Бүгінде халық кәсіподақтарды тек демалыс орындарына жолдама беретін ұйым деп танымау керек. Біздің міндетіміз – еңбеккерлерді демалдырып қана қоймай, сонымен бірге оларға қолайлы жағдай жасап, еңбек құқықтарын қорғау болмақ. Осының барлығын қазіргі болашақ мамандар білу керек. Сол үшін де жұмыс жасап жатырмыз»

Патриоттық фильмді тамашалаған жастар кәсіпоадақ бірлестігінің ардегерлерімен еркін сұқбат құрды. Жастар мәселесін жіті назарда ұстаған ұйымдағы білім беру, мәдениет, агро-өндірістік кешен, энергетика және көлік саласының өкілдері тәжірибелерімен бөлісті. Олар еңбек құқығы мен мүдделерін сақтау жолдарын тақылады. Және қазіргі кәсіподақ жұмысшыларының мүддесін қорғап, туындаған жағдайға нақты әсер ете алатын механизімдерді де түсіндірді.

Әбурайра Манахов, кәсіподақ ардагері: «Біздер жаңадан жұмысын бастап жатқан кәсіподақ ұйымдарымен сұхбаттасып, өткен өмірімізден аз болса да тәжірибе беруді жөн көрдік. Сондай-ақ басты мақсатымыз – кәсіподақтың бүгінгі таңдағы рөлін айқындап айтуға тырыстық. Яғни, бүгін кәсіподақ қандай дәрежеге көтерілу керектігін жеткіздік. Елбасы айтқандай кәсіподақтың бүгінгі таңдағы қызметі рухани жаңғырып жатыр. Ұжымдық шарт қалай болатынын, қызметкерлердің еңбекақысын қалай төлеу керектігін және оларға қандай жағдай жасалу қажет екенін айттық. Бүгінгі таңда жекеменшік мекеме көп. Сондай мекемелердегі қызметкерлердің жағдайын бақылап, оларға көмек беретін бірден-бір ұйым болса бұл осы кәсіподақ болмақ. Осыны жастарға түсіндіріп бақтық. Қазір кәсіподақтар өте жақсы жұмыс жасап жатыр. Бұдан кейін де жоғары дәрежеге жетіп жұмыс жасау керек деп ойлаймын».

Ал, жастар жағы болашақта еңбек құқығын қалай сақтау керектігі жайлы толық қанды ақпарат алғандарына қуанышты. Арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізген ұйым қызметкерлеріне айтар алғыстары шексіз.

Мереке Кәттебек, студент: «Мен өзім болашақ дизайнермін. Сондықтан да осында келіп,мамандардан көп кеңес тыңдағым келді. Әрине оқуымды аяқтап жұмысқа орналасқаннан кейін кәсіподақ ұйымының қызметіне жүгінетініме сенімді болып тұрмын».