Шымкенттегі қала дүкендерінің бірінде 9 жасар қыз баланы 19 жастағы жігіт зорламақ болған. Күндізгі уақытта ата-анасы азық түлікке жіберген бүлдіршінді дүкендегі сатушы жігіт зорламақ болған. Керегін іздеп тауарларды дүкен сөрелеріне еңкейген 9 жасар қыз баланың арқасынан келген сатушы ешкімнің жоқтығын пайдаланып арам ісін жүзеге асырмақ болған.
Артынан келіп құшақтап, зорлық жасамақ болып тиіскен. Жыныстық сипаттағы әрекеттерінен шошынған 9 жасар бүлдіршін қыз бала үйіне жүгіре қашқан. Жылап келгенін көрген анасы дүкенге келгенде сатушы бірден кінәсін мойындаған көрінеді.
Аталаған жәйт бойынша қылмыстық іс қаралып, тергеп тексеріледі. Тергеу кезінде, сот процесінде күдікті бар кәнісін мойындамай, бас тартқан. Дегенмен сотта сотталушының кінәсі дәлелденіп, сот үкімімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сотталушының кінәсін дәлелдеуде тергеу орындарымен тәркіленіп алынған оқиға болған дүкендегі бейнекамера жазбасы да ескерілген. Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.